Мектеп мұғалімдерін мәжбүрлі жұмысқа тартқан директорға шара қолданылды

Мектеп мұғалімдерін мәжбүрлі жұмысқа тартқан директорға шара қолданылды

Мектеп мұғалімдерін мәжбүрлі жұмысқа тартқан директорға шара қолданылды
ашық дереккөзі
Атырауда мектеп мұғалімдерін кәсіптік міндетіне жатпайтын жұмысқа тартқан директор жазаланды. Бұған дейін әлеуметтік желіде М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің директоры педагогтерді кәсіптік міндетіне қатысы жоқ жұмыс түрлеріне тартты деген жазба тараған еді. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, аталған мектептің директорына тәртіптік шара қолданылған. «Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті әлеуметтік желідегі арызға қатысты тексеріс жүргізуде. Жағдай қатаң бақылауда болады», - деді Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангереева. Оның айтуынша, М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектепте 2020 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Мердігер мекемеге дұрыс атқарылмаған жұмыстарға қатысты кепілдік мерзімі кезеңінде қалпына келтіру туралы хат жолданған.