«Күдікті емес, куәгер ретінде шақырылды». Шөкеевтің орынбасарының ұсталуына қатысты Антикор түсінік берді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді.

«Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің ұсталғаны туралы таратылған ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды. Ол күдікті ретінде танылған жоқ, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады. Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Back to top button