Анасы қылмысты жасырған: 8 жасынан бері зорланып келген қызға қатысты іс қозғалды

Анасы қылмысты жасырған: 8 жасынан бері зорланып келген қызға қатысты іс қозғалды

Анасы қылмысты жасырған: 8 жасынан бері зорланып келген қызға қатысты іс қозғалды
ашық дереккөзі
Алматы облысының тұрғыны немере қарындасын 8 жасынан бері зорлап келген деп айыпталды, ал қыздың анасы бәрін білген, бірақ жасыруға тырысқан. Әлеуметтік желі қолданушысы Андрей Андреев Facebook-тегі парақшасында жантүршігерлік оқиғаның егжей-тегжейін айтты. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, оқиға Қарасай ауданында болған. Зардап шеккен 15 жастағы қыз ата-анасы ажырасқаннан кейін алдымен әкесімен, кейін анасымен бірге тұрады. «Қыздың ата-анасы ажырасып кеткен, олардың екі баласы бар – ұл мен қыз. Анасына балалары аса қажет болмағаннан ба, олар біраз уақыт әкесімен Астанада тұрған. Бірақ кейін балалар Алматыға анасына көшіп келеді. Әйелдің туыстарының айтуынша, ол әскери бөлімде қызмет етеді. Сол үшін қаладағы тұрғын үйді жалға алуға және балаларына өтемақы беріледі. Азаматтық некеде тұратын әйел балаларын өтемақы үшін алдырған. Соңғы уақытта қыз туыстарының үйіне қонуды шығарған, анасына барудан үзілді-кесілді бас тартады. Туыстары себебін білуге тырысқан. Қыздың айтуынша, анасы ішімдік ішкен кезде оны Шамалған қаласына әпкесінің үйіне жібереді. Онда оны әпкесінің ұлы үнемі зорлайды екен. Яғни, немере ағасы. Бұл жағдай сегіз жасында басталған», – деп жазды Андрей Андреев. Қыздың айтуынша, соңғы рет туысқан ағасы оны 2021 жылдың 21 наурызында жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Қыздың туыстары дереу полицияға арыз жазғанын айтты. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтаннан қыздың әкесі де келген. Андрей Андреев Ішкі істер министріне, Полиция департаментінің бастығына және Алматы облысының прокурорына, сондай-ақ балалар құқығы жөніндегі уәкілге және Қорғаныс министрлігіне үндеу жолдады. «Ерлан Тұрғымбаев, айтыңызшы, қылмыскерлерді жауапкершіліктен босатуға тырыспай, адамдар құқығын қорғайтын қызметкерлерді қашан жұмысқа аласыз? Серік Күдебаевқа жеке өтініш: істі жеке бақылауыңызға алыңыз. Азамат Жылқабаев, тергеушіге қатысты тексеру жүргізуіңізді сұраймыз. Егер ол заң нормаларын бұзса, онда оны басқаларға зиян тигізбеу үшін ең қатаң жазаға тарту керек. Аружан Саин, өтінемін, істі әділ тергеуде қызды анасынан қорғаңыз», – деді ол. Бас полицей Серік Күдебаев Андрей Андреевтің үндеуіне жауап берді. «Қарасай аудандық полиция басқармасына қыздың әпкесі (әкесі жағынан) арыз түсірді. Ол 2006 жылы туған кәмелетке толмаған жиеніне қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі туралы мәлімдеді. Күдікті – анасының туысы. Бұл факт бойынша ҚК-ның 121-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеуші бірқатар сот сараптамаларын тағайындады. Сондай-ақ, тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы қылмыстық процеске қатысушылардың барлық дәлелі тексеріледі. Куәгерлер анықталып жатыр. Іс бойынша тағайындалған сот сараптамалары мен тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша түпкілікті шешім қабылданады. Қылмыстық істі тергеу барысын жеке бақылауыма алдым», – деді Алматы облысы ПД бастығы.