«Сергектің» айыппұлын жойып беремін»: жарнама берген адам ұсталды

«Сергектің» айыппұлын жойып беремін»: жарнама берген адам ұсталды

«Сергектің» айыппұлын жойып беремін»:  жарнама берген адам ұсталды
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде «Сергектің» айыппұлын жойып беремін деген жарнама пайда болған еді. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл фактіні тексерді. «Нәтижесінде Алматы қаласының жас тұрғыны анықталып, тергеуге алынды, ол белгілі болғанындай, айыппұлды заңды түрде жою бойынша заңгерлік қызмет көрсетумен айналысатын болып шықты. Ол мұндай «түсініксіз» жарнаманы орналастыру арқылы клиенттерді қызықтырып, тартқысы келген», – деді Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов. Оның айтуынша, автоматтандырылған жүйе жұмысына адами фактор ықпал ете алмайды.