Шөкеевтің орынбасарының парамен ұсталғаны туралы хабар тарады

Шөкеевтің орынбасарының парамен ұсталғаны туралы хабар тарады

Шөкеевтің орынбасарының парамен ұсталғаны туралы хабар тарады
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік беріп, негізсіз екенін мәлімдеді. Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің парамен ұсталғаны жайлы ақпарат тарап жатыр.  Бұл хабарды заңгер Айгүл Орынбек өзінің Ғасebook парақшасында бөлісті, деп жазады altyn-orda.kz skifnews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып. Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік беріп, негізсіз екенін мәлімдеді.
«Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің ұсталғаны туралы таратылған ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды. Ол күдікті ретінде танылған жоқ, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады. Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», – делінген агенттік таратқан ақпаратта.