Жаңалықтар

"Сатпас бұрын бюджет ақшасына күрделі жөндеу жүргізген". Түркістан қаласының әкімдігінің ғимараты арзанға сатылып кеткен

ашық дереккөзі

"Сатпас бұрын бюджет ақшасына күрделі жөндеу жүргізген". Түркістан қаласының әкімдігінің ғимараты арзанға сатылып кеткен

Түркістан қаласы әкімдігінің қызметкерлері отырған ғимаратты қала басшылығы нарықтағы құнынан әлдеқайда арзан бағаға сатып жіберген. Оған қоса, әкімдік ғимаратты сатпас бұрын бюджеттің ақшасына оны күрделі жөндеуден өткізіп берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті прокуратураға сілтеме жасап. 4 қабатты ғимарат Есім хан алаңында орналасқан. Ал ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен небәрі 300 метр қашықтықта тұр. Қалалық әкімдіктің жүздеген қызметкері осылайша екі жылдан бері жалға алынған өзге ғимараттарды жағалап жүруге мәжбүр. Ал, қаланың қақ ортасындағы ғимараттың мемлекет меншігінен шығып кеткенін қалалық прокуратураның өкілдері анықтапты.