Жаңалықтар

Қостанай облысында тағы бір ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді

ашық дереккөзі

Қостанай облысында тағы бір ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Сарыкөл ауданына барды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. Сапарда әкім Сорочинка ауылындағы су тарату желісінің Лихачев топтық су құбырына қосылуымен танысты. Жоба өткен жылы 320 млн.теңге сомасына іске асырылды. Сорочинка ауылының тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етілді.