ШҚО-да арықтан екі баланың денесі табылды

ШҚО-да арықтан екі баланың денесі табылды

ШҚО-да арықтан екі баланың денесі табылды
ашық дереккөзі
ШҚО Үржар ауданы Елтай ауылында арықтан 3 жастағы 2 баланың денесі табылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" altaynews.kz-ке сілтеме жасап. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, балалардың жоғалғаны туралы хабарлама 17 мамырда сағат 14 шамасында аудандық полицияға түскен.
"Хабар келген сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздестіру іс-шараларына кірісті. Іздеуге жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар да қатысты. Балалардың денелері арықтан, үйлерінен 350 метр қашықтықта табылды", - деді ведомствода.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.