Жаңалықтар

ШҚО-да арықтан екі баланың денесі табылды

ашық дереккөзі

ШҚО-да арықтан екі баланың денесі табылды

ШҚО Үржар ауданы Елтай ауылында арықтан 3 жастағы 2 баланың денесі табылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" altaynews.kz-ке сілтеме жасап. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, балалардың жоғалғаны туралы хабарлама 17 мамырда сағат 14 шамасында аудандық полицияға түскен. "Хабар келген сәттен бастап полиция қызметкерлері дереу іздестіру іс-шараларына кірісті. Іздеуге жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар да қатысты. Балалардың денелері арықтан, үйлерінен 350 метр қашықтықта табылды", - деді ведомствода. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.