Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бұл туралы KAZNEWS порталды хабарлады.

Бутерин ресми түрде тарихтағы ең жас крипто-валюта миллиардері және өзін-өзі жасаған екінші жас миллиардер атанып отыр.

Жаңа миллиардер Виталик Бутерин 2013 жылы 19 жасында ethereum-ді жасап, 2015 жылы криптовалюта нарығына таныстырған. Қазір оның дижитал әмиянында 333,500 ethereum сақтаулы тұр. Мамыр айының алғашқы аптасында аталмыш криптовалютаның бір данасы $3,500 ға жетіп, Бутеринның капиталы $1.1 миллиардты құраған болатын.

CoinMarketCap мәліметі бойынша 2021 жылғы қаңтардан бастап Ethereum бағасы 375% -ға өсті. Криптовалюта нарығындағы барлық Еthereum-нің құры $403 миллиардқа жетті.

Back to top button