Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы туралы мәлімет берілді. Tengrinews.kz сайтының жазуынша,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері –мемлекеттік органның бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының жалақысы мемлекеттік бюджет есебінен алынатын барлық мемлекеттік орган үшін бекітілген еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленген. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы саяси мемлекеттік қызметшілер санатына жатады және оның лауазымдық жалақысы 1 208 882 теңге. Агенттік төрағасы бірінші орынбасарының жалақысы 911 041 теңге, ал агенттік төрағасы орынбасарларының жалақысы 852 287 теңге», – делінген ресми жауапта. Талаптарға сәйкес, агенттік төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату Президент жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның келісімі бойынша агенттік төрағасының ұсынуы негізінде Қазақстан Президентінің өкімімен жүргізілетіні де хабарланды. Құқық қорғау органдарында қызметке тағайындау, ауыстыру, қызмет бойынша ұсыну және жұмыстан шығару тәртібін Қазақстанның құқық қорғау және Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалары реттейді. Бұл шешімдерді құқық қорғау органының басшылығы қызмет барысында кадрлық жоспарлау негізінде қабылдайды.