Алматыдағы сауда орталығының жанынан 49 жастағы ер адамның денесі табылды

Ер адамның мәйіті Наурызбай ауданында орналасқан «Апорт» сауда-ойын-сауық орталығы маңынан табылды, деп хабарлайды АА NewTimes.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам кісі қолынан қаза тапқан.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істейді.
Қалалық полиция департаменті бұл факті ҚР ҚК «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады.
Адам өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.