Алматыдағы сауда орталығының жанынан 49 жастағы ер адамның денесі табылды
Алматыдағы сауда орталығының жанынан 49 жастағы ер адамның денесі табылды
Ер адамның мәйіті Наурызбай ауданында орналасқан "Апорт" сауда-ойын-сауық орталығы маңынан табылды, деп хабарлайды АА NewTimes.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам кісі қолынан қаза тапқан.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істейді.
Қалалық полиция департаменті бұл факті ҚР ҚК "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін хабарлады.
Адам өлімінің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.