Алаяқтық жасап, Америкаға қашып кеткен үш қазақстандық ұсталды

Алаяқтық жасап, Америкаға қашып кеткен үш қазақстандық ұсталды

Алаяқтық жасап, Америкаға қашып кеткен үш қазақстандық ұсталды
ашық дереккөзі
Америкаға бой тасалаған Қазақстанның үш азаматы ұсталып, елге жеткізілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. «Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы АҚШ-тың құзіретті органдарының көмегімен Америка аумағында жасырынып жүрген үш қазақстандық анықтап, ұстады. Оларға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ірі көлемде алаяқтық жасағандары үшін еліміздің полициясы сұранысымен халықаралық іздеу жарияланған болатын», – деді Нұрділдә Ораз. .Оның атап өтуінше, өткен аптада іздеуде болған адамдар Қазақстанға жеткізіліп, уақытша қамалды. «Соңғы уақытта шет мемлекеттердің аумағында ұсталатындарың географиясы айтарлықтай кеңейе түсті. Мәселен, соңғы 5 жылда іздеуге адамдар ТМД елдерінде, сонымен қатар ГФР, Грузия, Түркия, АҚШ, Израиль, Араб Әмірліктері, Финляндия, Ұлыбритания, Канада, Сенегал, Испания, Таиланд, Румыния, Португалия, Болгария, Австрия, Қытай, Швеция, Македония, Польша, Дания, Грекия, Хорватия сынды елдерде анықталып, ұсталды», –  деді ресми өкіл.