Ақтаудағы хайуанаттар бағында жануарларды өлтіріп, торға салып қойған

Ақтаудағы хайуанаттар бағында жануарларды өлтіріп, торға салып қойған

Ақтаудағы хайуанаттар бағында жануарларды өлтіріп, торға салып қойған
ашық дереккөзі
Ақтаудағы хайуанаттар бағына келушілер өліп қалған қояндарды көріп, видеоға түсіріп алған. Олар зообақта бұдан өзге тасбақалар мен аламандар да өліп жатқанын айтады, – деп жазды Tengrinews.kz. aktau_pets парақшасында жарияланған видеода еріктілер оқиғаның 16 мамырда «Ақбота» қалалық саябағында түсірілгенін айтады. «Темір торда қояндар өліп жатыр, біреуі ғана тірі. Тасбақаны да аямапты, торсылдағын желімдеп қойған, ал өлі аламандар мен қояндар осы жердің маңындағы қоқыста жатыр. Мұны жануарларға қатыгездік көрсету деу жеткіліксіз», – деп жазған видео авторы. Еріктілер зообақтағы тірі қояндар мен қалған аламандарды алып кеткенін хабарлады.