Үш айда елімізден 5,5 мың адам көшіп кеткен

Үш айда елімізден 5,5 мың адам көшіп кеткен

Үш айда елімізден 5,5 мың адам көшіп кеткен
ашық дереккөзі
Биылғы үш айда тұрақты тұру үшін Қазақстанға 2 мың адам келсе, көшіп-кеткендер саны – 5,5 мың адам. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы қаңтар-наурызда 2 066 адам елімізде тұрғылықты тұру үшін тіркелді. Қазақстаннан кеткендер саны – 5 519 адам. Көші-қонның айырымы  –3 453 адам. «Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен өтуде. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 83,1% және 82,0% құрады», – деді ведомстводан. Сондай-ақ ақпаратқа сәйкес, ел ішінде қоныс аударатындар саны 9,5% азайған. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (7 955 адам), Шымкент (5 681 адам), Нұр-Сұлтан (6 260 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (319 адам).