Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады
ашық дереккөзі
2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстандағы халық саны 18 млн 940 мың 400 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Оның ішінде қала тұрғындары – 11 млн 204 мың 800 (59,2%), ауыл тұрғындары –7 млн 735 мың 600 мың адам (40,8%). 2020 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 250,2 мыңға немесе 1,3% артты. 2021 жылғы қаңтар-наурызда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда (61,5 мың адам) 4,6% өсіп, 64,3 мыңға жетті. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда - 13,73 адам. Биылғы қаңтар-наурызда елімізде 36,1 мың қайтыс болды адам. Бұл, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға (31,2 мың адам) қарағанда 15,8% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,71 қайтыс болғандарды құрады. Қаңтар-наурыз аралығында 1 жасқа дейін шетінеген 815 нәресте тіркеліп, 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (796 шетінеген нәресте) 2,4% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 8,11 оқиғаны құрады.