Ауғанстан: Мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты

Ауғанстан: Мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты

Ауғанстан: Мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты
ашық дереккөзі

Ауғанстан астанасындағы мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты. Қанды шабуылға байланысты жауапкершілікті әлі ешкім мойнына алмаған.

TOLOnews мәліметінше, оқиға Кабул қаласының солтүстігінде орналасқан Шакар-Дара ауданындағы мешітте болған. Бомба сол мешіттегі жұма намазы кезінде жарылып, нәтижеде мешіт имамы мен 11 азамат қаза тапты. Одан бөлек 15 кісі түрлі жарақат алған.