Мальдивте коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр

Мальдивте коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр

Мальдивте коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр
ашық дереккөзі
Мальдивте індеттің таралуы бәсеңдемей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Аралды елде күн сайын мыңға жуық адамнан вирус анықталып жатыр. Жергілікті билік жұқпалы кеселдің өршуіне тосқауыл қою үшін мамырдың 6-ынан бастап ел астанасы Маледе коменданттық сағат енгізді. Жаппай іс-шараларды өткізуге тыйым салып, кинотеатр, фитнес-клуб және сән салондары уақытша жабылған. Бірақ осыған қарамастан Үндістан, Непал сынды бірқатар басқа елдің саяхатшыларына келуге шектеу қойылмады. Үкімет халықты вакциналауға көп үміт артып отыр. Қазірге дейін 530 мың тұрғыны бар елде халықтың үштен бір бөлігі егілген. Мальдивте індет басталғалы 43 мың адам вирус жұқтырған.