Хоккейден Қазақстан құрамасының бір ойыншысы коронавирус жұқтырды

Хоккейден Қазақстан құрамасының бір ойыншысы коронавирус жұқтырды

Хоккейден Қазақстан құрамасының бір ойыншысы коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасының бір өкілінен коронавирус анықталды. Осыған байланысты бүгін қазақстандық спортшылар Беларусь құрамасымен жолдастық кездесуге шықпайды. Бұл ойын Рига қаласында өтуі тиіс еді. Енді Латвияның ковидке қарсы ережесі бойынша тұтас құрама оқшауланды. ПТР тест анықтамасынан кейін команданың өзге мүшелерінен індет белгілері анықталған жоқ. Ұйымдастырушылар Қазақстан хоккейшілерінің жаттығу жасауына ғана рұқсат берді. Беларуське қарсы алғашқы жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Латвиядағы әлем чемпионаты 21 мамырда басталады. Қазақстан жарыс қожайындарынан бөлек Финляндия, АҚШ, Германия, Канада, Италия және Норвегиямен кездеседі.