Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Қазақстанда аптап, найзағай болып, бұршақ жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
17 мамырда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады, шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр болады деп күтіледі. Шымкентте 17 мамырда шығыстан екпіні секундына 15-20 метрге дейін болатын жел күтіледі. Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстікте қатты ыстық 35 градус күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі.
Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-18 метр болады. Қостанай облысында кей жерде найзағай күтіледі.
Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз 36 градусқа дейін аптап күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші секундына 15-20 метр болады.