«Ирина Қайратовна» тобымен аттас әйел өнер ұжымына алғыс айтты (видео)

«Ирина Қайратовна» тобымен аттас әйел өнер ұжымына алғыс айтты (видео)

«Ирина Қайратовна» тобымен аттас әйел өнер ұжымына алғыс айтты (видео)
ашық дереккөзі
«Ирина Қайратовна» атты топтың мүшелері өнер ұжымының неге бұлай аталатынын айтты. Ал "Қызық LIVE" телебағдарламасына арнайы келген Ирина Қайратқызы есімді әйел танымал топпен аттас болудың артықшылығы мен кейбір ыңғайсыздықтар жайлы әңгімелеп беріп, өнер ұжымына алғысын білдірді.
 «Ирина Қайратовна – топтың аты. 19 мамырда YouTube-қа алғаш шоуымызды жүктер алдында тобымызды қалай атасақ екен деп ойландық. Содан «Ирина Қайратовна» деп атауды ұйғардық. Оның айтарлықтай астары жоқ. Маған direct-ке біреу Қызылорда облысында Ирина Қайратқызы есімді әйел тұратынын жазған болатын. Ол кісінң жеке куәлігінде солай жазылған еді» дейді топ мүшесі Алдияр Жапарханов.
Телебағдарлама жүргізушісі Ирина Қайратқызы есімді адамды тапқанын, оның тегі Мұсаева екенін айтты. Тіпті ол сол бағдарламаға Қарағандыдан арнайы келіпті. https://www.youtube.com/watch?v=1vNwmFqy2_E «Жолдасым маған «Сен оларды сотқа берсеңші. Сенің аты-жөніңді пайдаланып жүр ғой» дейді.  Бұл топ менің балаларыма ұнайды. Осы бағыттарыңнан таймаңдар» деді Ирина Мұсаева. Оның айтуынша, Ирина Қайратқызының аты-жөнін естігенде, таңырқап, кейде тіпті әзіл болар деп сенбейтіндер де бар екен. Ирина Мұсаева топ мүшелеріне шығармашылық табыс тілеп, көптің көңілінен шығып жүрген өнерлері үшін алғыс айтты.