Қызылордада 24 жастағы жігіт катамараннан көлге құлап қайтыс болды

Қызылордада 24 жастағы жігіт катамараннан көлге құлап қайтыс болды

Қызылордада 24 жастағы жігіт катамараннан көлге құлап қайтыс болды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысы Шиелі ауданында катамараннан Ханқожа көлінен құлап кеткен жігіт қайтыс болды. ҚазАқпараттың жазуынша, оқиға Шиелі ауданына қарасты Бәйгеқұм елді мекені тұсындағы Ханқожа көлінде болды. Су айдынында катамаранмен жүрген 1997 жылғы жігіт көлге құлап кеткен. «Ол жергілікті тұрғындардың күшімен жағаға шығарылды. Ауруханаға барар жолда көз жұмды. Аталған азаматтың ешқандай ішімдік ішпегені анықталды», - деп мәлім етті облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада бесінші сынып оқушысы каналға батып кеткен еді. Оқиға Сырдария ауданы Амангелді ауылында болды. Бесінші сыныпта оқитын ер бала Жетікөл каналына батып кеткен. Ауыл тұрғындарының көмегімен баланың денесі судан шығарылды.