Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның жездесі ұсталды

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның жездесі ұсталды

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның жездесі ұсталды
ашық дереккөзі
Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті ретінде оның жездесі ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды polisia.kz.
Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті Грузияда қаза тапқан А.Айтпаеваның ата-анасының өтініші негізінде Қылмыстық кодекстің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ауыр қылмыс жасады деген күдікті М.Мейірбеков ұсталып, Нұр-сұлтан қаласының УҰИ-не қамалды, - делінген жазбада.
Күдікті Мұрат Мейірбеков тергеуге алынды. Бұған дейін Әсел Айтпаеваға Грузиядағы жұмысын жездесі тауып бергені айтылған еді.