Жаңалықтар

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның жездесі ұсталды

ашық дереккөзі

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның жездесі ұсталды

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті ретінде оның жездесі ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды polisia.kz. Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті Грузияда қаза тапқан А.Айтпаеваның ата-анасының өтініші негізінде Қылмыстық кодекстің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ауыр қылмыс жасады деген күдікті М.Мейірбеков ұсталып, Нұр-сұлтан қаласының УҰИ-не қамалды, - делінген жазбада. Күдікті Мұрат Мейірбеков тергеуге алынды. Бұған дейін Әсел Айтпаеваға Грузиядағы жұмысын жездесі тауып бергені айтылған еді.