Қазақ дроны сынақтан өтті

Қазақ дроны сынақтан өтті

Қазақ дроны сынақтан өтті
ашық дереккөзі
Бүгінде әлемдегі әскери күштердің басты қаруының бірі - ұшқышсыз ұшатын құралдар болып отырған кезде өз қарулы күштерін осындай құралдармен жабдықтауды өз алдарына басты мақсат қылып қойған қазақ әскерилері де тынымсыз ізденістің нәьижесінде қазақ дронын жасап шығарды! Нұр-Сұлтан қаласына жақын жерде «Шағала» отандық авиациялық комплексі жасаған барлаушы дроны сынақтан өткізілді. Ұшқышсыз басқарылатын бұл құралды Елбасы тапсырмасымен Қазақстанның бірінші Президенті атындағы университеттің әскери ғалымдары жасап шыққан. Шағала ұшатын аппарат пен жердегі сегменттен тұратын ең заманауи жүйе саналады. Бұл қазақстандық әскери ғалымдар толық әзірлеген алғашқы әрі жоғары дәрежедегі технологиялық өнім. Оның артықшылығы – өзінің жеке бағдарламалық жасақтамасы болуында. Құрылғының бірнеше деңгейлі қорғанысы бар. Бұл біздің жасап шығарғанымыз», – деді оның артықшылығын түсіндірген Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов. Маршрут бойынша ұшып келе жатқан дрон жер бетіндегі объектілердің координаттарын анықтай алады және оператордың пультіне ақпарат жібере алады. Барлау авиациялық кешенінің ұшу қашықтығы 30 шақырымға дейін, максималды жылдамдығы сағатына 110 шақырымға дейін, ал теңіз деңгейінен максималды ұшу биіктігі 3500 метрге дейін жетеді. Ол әуеде екі сағатқа дейін ұшып жүре алады, сонымен бірге желдің жылдамдығы секундына 14 метрге жеткен кезде де бағытынан ауытқымайды. Дрон отандық бағдарламалық-аппараттық байланыс арнасымен, сондай-ақ өзінің криптографиялық хаттамасымен жабдықталған. Ұшқышсыз ұшу аппараты техникалық жетістігі жағынан өзі секілді шетелдік дрондардан төмен емес және құны олардан арзан. Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев сынақ барысын бақылады. Ол «Шағала» бүгінде Қазақстанда әскери жаттығулар кезінде кеңінен қолданылатын барлау-атыс және барлау-соққы беру кешендерінің  біріне айналуы мүмкін екенін атап өтті.