Өзбек әншісі Юлдуз Усманованың Израиль туралы айтқанына қатаң жауап берілді

Өзбек әншісі Юлдуз Усманованың Израиль туралы айтқанына қатаң жауап берілді

Өзбек әншісі Юлдуз Усманованың Израиль туралы айтқанына қатаң жауап берілді
ашық дереккөзі
Осы аптада Израиль мен Палестинаның бір-біріне оқ жаудырғаны белгілі. Соған байланысты әлемнің түкпір-түкпірінде бұл оқиғаға баға беріп, пікір айтып жатқандар көп. Міне осындай кезде белгілі өзбек әншісі Юлдуз Усманова да әлеуметтік желілер арқылы өз сөзін айтты (бейнежазбасы төменде). Онда болған жайға қатты ашуланғанын байқатқан белгілі әнші былай деді: − Мұсылман халқының басына түскен қайғы біздің де басымызға түсті деп қабылдадық.  Әсіресе мен. Соны есіткелі шыдап-шыдап, ақыры сол туралы айтуға мәжбүрмін. Израиль ұлты дейміз... мемлекет деп саналмайды. Өйткені олар өздерінің басқыншылығын өте жақсы біледі. Менің айтпақшы болғаным, осындай айт күндері мұсылмандар мешітіне кіріп құлшылық жасап жатқан кезде бұзықтық жасап, соғыс ашып... сыртта дарақ өртеніп жатса, ішке кіріп дискотека жасауға болмайтын шығар енді. Біз - мұсылмандарға барлық дінді құрметтеуге үйреткен. Бірақ біз діні басқаларды қорламасақ та, оларға өз сөзімізді айтуымыз керек. Израильдықтар білсін −  яхудилар білсін... Бір басқа бір өлім, егер шақырылсақ, соғысуға жетіп барамыз. Бізді әрқайсысы өзімен әуре болып жүр деп ойламасын, керек болса бәріміз бірігеміз» деді. Одан кейін мұсылмандарға қорлық көрсеткендерді қарғаған сөздер айтқан... Юлдуз Усманованың бұл сөздері Израилға да жеткен болса керек, ол жақтан әншіге мынадай жауап беріліпті: "Сәлем Юлдуз. Сен мені жақсы білесің және сенің жұбайың да мені жақсы таниды. Сенің Израиль мемлекетіне қарата айтқан жағымсыз пікіріңді есту маған өте ауыр тиді.  Сен өзің айтқан сөздеріңнің мәнісін түсінетін шығарсың деп ойлаймын. Мен сенің концерттеріңді Израилде бірнеше рет ұйымдастырғанымда сен ылғи бұқарлық еврейлерді жақсы көретініңді айтатынсың, мұндағы халық та сені жоғары дәрежеде құрметпен күтіп алатын. Мен сенің мына айтқандарыңды өзіне назар аудару үшін айтты деп ойлаймын, енді сен өзің көңіліне тиіп ренжіткен адамдардың алдында кешірім сұрауың керек, оның ішін де менің де. Егер сен палестиналықтарды жақсы көретінің рас болса, мен оларды саған сыйлауға дайынмын. Алекс Бараев. Израилден». Айта кету керек, Юлдуз Усманованың бейнежазбасы 13 мамыр күні MILITSIYA UZB телеграм арнасынан тараған (кейін YouTube бейнехостингіне салынды) , Алекс Бараевтың жауабы да 15-мамырда осы арнада жарияланған. https://www.youtube.com/watch?v=a_xwmVPNKsw