Жаңалықтар

«Бүркітке тұрмысқа шығар алдында, Исламды қабылдап, Аиша атандым» - танымал өнер жұбы сырын айтты

ашық дереккөзі

«Бүркітке тұрмысқа шығар алдында, Исламды қабылдап, Аиша атандым» - танымал өнер жұбы сырын айтты

Бүркіт пен Аиша Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатта бұрын айтылмаған сырларымен бөлісті. Сұхбат барысында Аиша Ислам дініне қалай бет бұрғанын айтты. Stan.kz сайтының жазуынша, Аиша әнші Бүркітке тұрмысқа шыққанға дейінгі өзінің шын есімі, діни ұстанымы жайында әңгімеледі. “Менің анамның ұлты – орыс. Мен өзім де бұрын шоқынғанмын. Шын есімім --Виктория. Тұрмысқа шығар алдында Ислам дінін қабылдадым. Сол кезде мұсылманша Аиша есімін алдым”, – деді Аиша. Бүркіт Аишаның есімі лақап аты емес, өз аты екенін, мұсылмандық есімі екенін тағы бір еске салды. “Көпшілік ойлап жатады, Аишаның бұл есімі лақап аты деп. Некемізді қиғанда Аиша мұсылман дінін қабылдады. Сосын Аиша атанды”, – деді Бүркіт. Аишаның айтуынша, Ислам дінін қабылдамай тұрғанда да ол сахнаға Бүркітпен бірге Аиша есімімен шыққан. “Маған Аиша деген есім қатты ұнайтын. Кейін мешітте мұсылман дінін қабылдағанда осы есімнің ұнайтынын айттым”, – деді ол. Желі қолданушыларының кейбірі үшін бұл айтарлықтай жаңалық болды. Себебі Аишаның бұрын шоқынғанын, анасы орыс екенін, есімі Виктория болғанын білмейтін жандар баршылық. “Өзге дін адамының мұсылман болуына себепші болғаны үшін Бүркіт үлкен сауап алады Алла қаласа”, “Ол үлкен сауап”, “Сіздерге тек бақыт тілеймін, өте жарасымды жұпсыздар”, – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.