Air Astana: Әуе билеттері 50 пайыз жеңілдікпен сатылады

Air Astana: Әуе билеттері 50 пайыз жеңілдікпен сатылады

Air Astana: Әуе билеттері 50 пайыз жеңілдікпен сатылады
ашық дереккөзі
14-16 мамыр аралығында Air Astana әуе компаниясынан 50% жеңілдікпен Батуми, Бішкек, Душанбе, Киев, Ташкент, Тбилиси және Франкфурт қалаларына билет сатып алуға болады. Air Astana авиакомпаниясы өзінің 19 жылдығына орай кей рейстерге билеттерді жеңілдікпен сатып жатыр, - деп хабарлады компанияның сайты. Оған қоса, мерекелік тарифке тегін жүк кіреді. Әуе компаниясы жолаушылардан сақтық шаралары мен шет елдерге кіру ережелері туралы ұмытпауды сұрады. Билеттерді 14 мамырдан 16 мамырға дейін жеңілдікпен брондауға болады. Саяхат кезеңі: 2021 жылғы 24 мамыр – 31 қазан. Билеттерді қайтаруға болмайды, қайта броньдау тек бизнес-класқа ғана қолжетімді (ақылы). Air Astana орындар шектеулі екенін атап өтті.