Жаңалықтар

"Америка үшін ұлы күн". Байден көпшілік алдында маскасын шешті

ашық дереккөзі

"Америка үшін ұлы күн". Байден көпшілік алдында маскасын шешті

АҚШ президенті Джо Байден маскасын шешіп, бүгінгі күнді Америка үшін ұлы күн деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып. АҚШ ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы (CDC) шығарған жаңа қаулы вакцина алған адамдарға ашық ауада да, үйде де маскасыз жүруге мүмкіндік беріп отыр. Осы қаулының қабылдануына байланысты президент Джо Байден вакцина алған депутаттармен кездесті. Және Байден алғашқылардың бірі болып маскасын шешті. "Менің ойымша, бұл - ұлы күн. Егер сіз вакцина алған болсаңыз, онда маскасыз жүре аласыз. Енді сіз адамдармен күлімсіреп амандаса аласыз", - деді Байден. Ақ үй басшысы американдықтарды вакцина алуға және коронавируспен күресті тоқтатпауға шақырды.