Еліміздің кей аймақтарында 39 градус ыстық болады

14 мамыр, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Еліміздің кей аймақтарында 39 градус ыстық болады Еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып. 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең синоптиктер тұман болады деп болжап отыр. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Сондай-ақ, Маңғыстау облысында ескерту жарияланды, онда 15 мамырда 38-39 градус қатты ыстық күтіледі. Ал Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.