Зейнетақының орташа мөлшері 100 мың теңге болды

Зейнетақының орташа мөлшері 100 мың теңге болды

Зейнетақының орташа мөлшері 100 мың теңге болды
ашық дереккөзі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері базалық зейнетақыны төлеуге 274,2 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлердің жалпы саны 1 млн 245 мың адам болды. Бір зейнеткерге төленетін зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) шамамен 100 мың теңге болды. 2021 жылдың басынан бастап сәуір айына дейін бюджеттен базалық зейнетақыны төлеуге 274,2 млрд теңге жұмсалды. Сәуір айында базалық зейнетақыға 8,4 млрд теңге, ортақ зейнетақыға – 154,8 млрд теңге бөлінді.