«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді
«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында журналист, телепродюсер, PhD докторы, көпбалалы ана Алма Сайлауқызының «Бақытты келіншек» кітабының тұсаукесері болып өтті. Деректі-мотивация жанрында жазылған бұл бірегей туындының тұсаукесері 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орайластырылған.
Алма Сайлауқызы, журналист, кітап авторы:
– Алмамен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де бірге оқыдық. Одан бөлек «Азамат» пікірсайыс клубында бірге жұмыс істедік. Бұл кітаптың педагогикадағы орны ерекше деп ойлаймын. Себебі біз бұған дейін ХХ ғасырда педагогикада бақыт туралы кітапты тек ғалымдар жазу керек деп ойлап келдік. Ал педагогиканың құрамдас бөлігі ата-ана екенін ХХІ ғасырда ғана түсіне бастадық. Оған дейін баланың тәрбиесіне тек мектеп жауапты деген қасаң түсінік қалыптасқан болатын. Сосын бақыт дегенді барлығымыз қас-қағым сәтте пайда болатын сезім ретінде түсінеміз. Бірақ соңғы уақытта көпбалалы аналардың, әйелдердің мәселесі жиі көтерілуіне байланысты мемлекет тарапынан жасалған түрлі бағдарламалар арқылы «Бақытты отбасы», «Бақытты ана» секілді ұғымдарға көпшілік тереңінен қарай бастады. Сол себепті Алманың бақыт туралы дер кезінде жазылған осы кітабы өз оқырманын табады деп ойлаймын.
Оңайгүл Тұржан, ақын, филология ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ доценті: