Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық – министр

Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық – министр

Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық – министр
ашық дереккөзі
Токиода өтуі тиіс жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің спортшылары спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгінге дейін 53 лицензия жеңіп алынғанын айтты. «Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, ұлттық құрама командалардың спортшыларын Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына дайындау үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Ұлттық құрама спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Бүгінгі таңда спорттың 22 түрінен 53 лицензия жеңіп алдық», – деді министр. Сондай-ақ, ведомство басшысы ерекше қажеттілігі бар спортшылар да назардан тыс қалмағанын атап өтті. «Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық спорт кешенінде ересектер мен ерекше қажеттілігі бар балалар үшін спортпен айналысу үшін жағдай жасалады. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 15 спорт клубы, елордада Параолимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді», – деді Ақтоқты Райымқұлова.