Сот шешімі: Атырауда анасына қол көтерген азамат қамалды

Сот шешімі: Атырауда анасына қол көтерген азамат қамалды

Сот шешімі: Атырауда анасына қол көтерген азамат қамалды
ашық дереккөзі
Атырауда анасын ұрған ер адам 10 күнге қамалды. Облыстық полиция департаментiнің мәліметінше, 46 жастағы ер адам ішімдікке «тойып» алып, анасы қол көтерген. «Егде жастағы әйелден «102» операторына баласының мас күйінде отбасылық жанжал шығарғаны туралы хабар түсті. Ішкілікке салынған ер адам үйінің терезесін сындырып, анасын ұрып-соққан. Ер адам ішімдік ішуін тоқтатпаған. Егде жастағы анасымен бірнеше рет жанжалдасып, психологиялық және физикалық жәбір көрсеткен» – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Учаскелік полиция инспекторы анасын ұрған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 2-бөлігімен (Ұрып соғу) әкімшілік хаттама толтырды. Мамандандырылған қалалық соттың шешімімен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды.