Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 14-мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін солтүстік-батыс антициклоны әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте тұман түседі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, жел 15-20 жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан күндіз Қарағаны облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.