Үш жүз жетпістен аса ақбөкен неден қырылды?..

Үш жүз жетпістен аса ақбөкен неден қырылды?..

Үш жүз жетпістен аса ақбөкен неден қырылды?..
ашық дереккөзі
«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында өліп жатқан 372 ақбөкен табылды. Алдын ала болжам бойынша оларды жасын соғып өлтірген», − деп жазады azh.kz сайты. − Біздің инспекторлар оқиға болған Жәнібек ауданының Тау ауылдық округінің аумағынан 372 ақбөкеннің өлімтігін тапты. Бұл жерде найзағай көп түскен. Ақбөкендердің өлексесі бір қатарда жатты. Қаңқаларды тексергенде найзағайдың іздері табылды. Қазір малдәрігерлері сараптамаға жіберілетін қосымша сынамалар алып жатыр, − дейді бұл жайында БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат КАДЕШОВ. Бұл облыстағы бірінші жағдай емес, былтыр да Батыс Қазақстанда 62 ақбөкенге жасын түсіп қырылған екен. Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылуы туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі уәкілетті органдардың қатысуымен жедел штаб құрылғанын және бұл бойынша тиісті орындардың қызметкерлері оқиға орнына жіберілгенін хабарлады.