Шығынға батқан қазақстандық әуе компанияларында қысқарту жүре ме?..

Шығынға батқан қазақстандық әуе компанияларында қысқарту жүре ме?..

Шығынға батқан қазақстандық әуе компанияларында қысқарту жүре ме?..
ашық дереккөзі
Биыл Қазақстанда авиация саласының шығыны 47,7 млрд долларға жетуі мүмкін. Еліміздегі әуе компаниялардың қаржылық көрсеткіштері осындай болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Өткен жылы басталған пандемиядан кейін әлем бойынша әуе қатынастары тоқтап, бұл саланың шығынға батқаны белгілі. Еліміздегі авиация саласы туралы айтар болсақ, Air Astana әуе компаниясы 2020 жылы небәрі 33,1 млн доллар табыс тапқан. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда 81 пайызға төмен деген сөз. Ал Qazaq Air әуе компаниясы болса жыл басталар кезде жоспарлаған табысының 60 пайызына ғана қол жеткізген. SCAT әуе компаниясының жолаушылар тасымалы екі есе қысқарған. Сондай-ақ, орындалмаған рейс билеттерін 100 пайыз қайтарып беру − компанияның қаржылық жағдайын қиындатып жіберген. Оның мөлшері 1,8 млрд теңгеге жуық көрінеді. SCAT компания баспасөз қызметі, былтырғы тікелей шығын мөлшері – 12 млрд теңге деп отыр. Осындай жағдайда қазақстандық әуе компаниялары қызметкерлерін қысқартуы мүмкін. Бұл өз кезегінде жүздеген адамның жұмыссыз қалуына әкелетіні айтпай-ақ түсінікті.