Тағы біреу қазақ еліне аузына келгенін айтты және... кешірім сұрады!

Тағы біреу қазақ еліне аузына келгенін айтты және... кешірім сұрады!

Тағы біреу қазақ еліне аузына келгенін айтты және... кешірім сұрады!
ашық дереккөзі
Кейінгі кезде өзге ұлт өкілдерінің арасында қазаққа, Қазақстанға тіл тигізген бейнежазбасын әлеуметтік желіге таратып, кейін өкінетінін айтып кешіріп сұрап -  қайта бейнеүндеу жасай салуы қалыпты бір құбылысқа айналып бара жатқан сияқты.  Тіпті оған өзге түгілі өзіміздің етіміз үйреніп бара жатқандай... Кез келген құқық бұзушылық жазасыз қалса немесе жеңіл жазамен құтылып кетіп жатса осындай ұятсыздық қайталанбағанда қайтеді? Бұл жолы әлеуметтік желіде қазақ халқына және оның мемлекетіне тіл тигізген адамның аты-жөні Михаил Валерий екен. Ол да әдеттегіше айтарын айтып болып, соңынан халықтан кешірім сұрап, жазаланудан аман қалған, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Өзінің таратқан бейнежазбасында Қазақстанды жек көретінін ашық айтқан ұлты орыс бұл кісі үйінің төрінде Ресейдің туы ілініп тұрғанын, оны өзі үшін өте қадірлі деп санайтынын айтқан. Ресейдің туын қалай көрсе өзі білсін, бірақ аузынан «Қазақстанды қарғыс атсын!» деген сөз шыққан бұл адамның не ойлағаны бар? Адамдар бұған ашуланып жатқанда желіде Михаил Валерийдің «мұндай әрекетке мас күйде барғанын» айтып, «өз ісіне өкініш білдіріп кешірім сұраған» екінші жазбасы жазбасы тараған. Кешірім сұраған жазбасында «мұндай жөнсіздікті қайталамайтынын, Қазақстанды сүйетінін әрі Қазақстанның патриоты екенін» білдіріпті. Бұл не сонда? Осындай әрекетке баратындардың әдейі арандатуы ма, әлде мастығын алға тартып, іштегісін айтып жатқаны ма? Бұларды ұрмай-соқпай, мойнына көп мөлшерде айыппұл салып жіберсе қалай болар еді, қайталар ма еді?