Қазақстандықтардың банктерден алған кредиттері тағы кешіріле ме?

Бұрын мемлекет бір реттік акция жүргізіп, әрбір қарыз алушының 300 мың теңге мөлшеріндегі борышын өтеуге қаржы бөлген-ді. «Дәндеген қарсақ құлағымен ін қазады» демекші, содан бері «кредиттер тағы да кешіріледі» деген жалған ақпаратқа жұрт сенгіш болып алды. Осындай сөздер кейінгі кезде әлеуметтік желілерде қайта көріне бастады. Расымен кредиттер тағы кешіріле ме? Бұған Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жауап берді.

«Әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының кредиттері мен қарыздарын кешіру туралы жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Мен бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеймін.

«Қазақстандықтардан түрлі фейкке сенбеуді және тек ресми хабарламаларға сенуді сұраймыз» – деді Берік Уали.

2019 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен кепілдендірілмеген тұтынушылық несиелер бойынша қарызды өтеу түрінде әлеуметтік көмек көрсетілген еді. Сол кезде Президент Қ.К.Тоқаев бұл акция бір реттік сипатта болғанын және болашақта қайталанбайтынын айтқан болатын.

Back to top button