Телеграм мессенджерінің иесі Қазанда болған қайғылы оқиға жайында ойын айтты

Телеграм мессенджерінің иесі Қазанда болған қайғылы оқиға жайында ойын айтты

Телеграм мессенджерінің иесі Қазанда болған қайғылы оқиға жайында ойын айтты
ашық дереккөзі
Осы аптада Қазан қаласы Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда қарумен келген 19 жастағы жігіт 8 сынып оқушыларына оқ жаудырып, соның салдарынан сегіз оқушы мен бір жас мұғалім қыз қаза тапқан еді. Кісі өлтіруші бұнымен тоқтамай мектепте жарылыс жасаған соң, бірталай оқушы жарақат алып, аурухана түскен-ді. Бұл оқиға жайында өзінің Telegram мессенджеріндегі арнасында пікір қалдырған осы мессенджердің иесі Павел Дуровтың айтуынша, Қазандағы қырғынды жасаған адам өзі жоспарлаған террорлық актті жасамастан 20 минут бұрын ғана Telegram желісінен арна ашып, өзінің не істемекші болғанын баяндаған көрінеді. «Telegram модераторлары тез қимылдады: алғашқы шағым түскеннен кейін бір сағат ішінде олар зорлық-зомбылыққа шақырғаны үшін арнаны жауып тастады. Алайда, шағымдар мен жазылушылар арнада өлтірушіні полиция ұстағаннан кейін ғана пайда болды. Тіпті тәртіп сақшылары қандайда бір тәсілмен барлық Telegram арналарын нақты уақыт аралығында бақылап отырса да, олар қысқа мерзімде қайғылы жағдайдың алдын алуға үлгірмеген болар еді: өйткені қылмыскер өзінің жоспары жайында көп уақыт бұрын айтпаған. Қазандағы сұмдық оқиғаларға байланысты кінәлілерді компьютер ойындарын жасаушылардан бастап мектеп директорларына дейінгі үшінші тұлғалардан іздеу эмоциялық реакцияның көрінісі. Алайда, біз қоғамды ақыл-ойы тұрақсыз адамдардың әрекеттерінен толықтай қорғау мүмкін емес екенін мойындауымыз керек. Статистикалық тұрғыдан алғанда, миллионнан бір адам еш себепсіз агрессияға бейім болады. Бұндай оқиғалардың болуының алдын алу қиындығы әрине ауыр. Бірақ ол белгілі бір ұйымды құбыжық санау немесе қоғамды концлагерге айналдыруға сылтау болмауы керек», − деп жазды Павел Дуров. Әрине, қоғамның дамуына әсер етіп жатқан ақпараттық технология өнімдерінің зияны мен пайдасы адамдардың оны қандай ниетпен пайдалануына байланысты. Павел Дуровтың айтып отырғаны да осы болса керек.