Жаңалықтар

СҚО-да ер адам ауылдасының үйін өртеп жіберген

ашық дереккөзі

СҚО-да ер адам ауылдасының үйін өртеп жіберген

СҚО-да мас ер адам ауылдасының үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды dknews.kz. 10 мамырға қараған түні М.Жұмабаев ауданында өрт шығып, Қарақоға ауылындағы тұрғын үйлердің бірі жанып кеткен. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өрттің әдейі өртенгенін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде оқиғаға бұрын сотталған 42 жастағы жергілікті тұрғынның қатысы бар екені расталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы "бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталады.