Әуеде екі ұшақ соқтығысты

АҚШ-та екі шағын ұшақ қонар алдында соқтығысқан. Бірақ, екі әуе кемесі де сәтті қонып, қайғылы оқиға болған жоқ, – деп хабарлайды newdaynews.ru.

АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі (NTSB) хабарлағандай, оқиға Колорадо штатының Денвер қаласының маңында болған. Metroliner және Cirrus ұшақтары бір-бірімен әуеде соқтығысқан.

Одан кейін кейін бір ұшақ жедел қонды, ал екіншісі Денвердегі Centennial әуежайына жетіп тоқтады. Борттағы лайнерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Бұлардың екеуі де шағын ұшақ. Fairchild Swearingen Metroliner турбовинті 19 жолаушыны, Cirrus SR22 – де 4-5 адамды тасымалдай алады.

Back to top button