Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан тұрғындары «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін бастады

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтан тұрғындары «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін бастады

1 ағаш 1 жылда ауаны 27 кг ластанудан тазарта алады. «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында елорда тұрғындары тазалық пен денсаулыққа қамқорлық жасай отырып, "Өз ағашыңды отырғыз" челленджін іске қосты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жылына 1 гектар жапырақты ағаш 100 тоннаға дейін шаң жинайды. Осыны басшылыққа ала отырып, елорда тұрғындары "ағаш отырғыз" челленджін іске қосты, оны қалалық қызмет көрсету ұйымдары - ПИК және МИБ белсенді қолдады. Азаматтар көшеттер сатып алып, өз аулаларында, үйінің жанына отырғызады. Еске сала кетейік, елорданың барлық ауданында «Бірге — Таза Қазақстан» экологиялық айлығы өтіп жатыр. Әкімдік өз тарапынан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саябақ аумақтарын, тұрғын үй алаптары мен аулаларды ғана емес, қаланың көрікті жерлерін де жаппай көгалдандырады. Қаланы жаппай көгалдандыру экологияны жақсартып қана қоймай, қала тұрғындары серуендейтін орын құруға, сонымен қатар қаланың климаттық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.