Денесін күйік шалып, көз жұмды: әкесі 3 жасар қызын қайнаған суда отыруға мәжбүрлеген

Денесін күйік шалып, көз жұмды: әкесі 3 жасар қызын қайнаған суда отыруға мәжбүрлеген

Денесін күйік шалып, көз жұмды: әкесі 3 жасар қызын қайнаған суда отыруға мәжбүрлеген
ашық дереккөзі
Ливияның Адждабия қаласында үш жасар қызды әкесі бір сағаттан астам уақыт қайнаған суға отыруға мәжбүрлеген. Oл осылайша баланың диареясын емдегісі келіпті. Kznews.kz сайтының жазуынша, алдымен әкесі қызын арқанмен ұрып, содан кейін оны ваннада қайнаған суға отыруға мәжбүрлейді. Бүлдіршін ауруханаға түсіп, денесінің көп бөлігі күйіп қалғандықтан мерт болды. Ал әкесі қызының үстіне абайсызда қайнаған су құйып алғанын айтты. Құқық қорғау органдары марқұм қыздың әкесі есірткіге тәуелді болғанын мәлімдеді. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.