Орталық Азия елдері су жинау лимитін бекітті

Орталық Азия елдері су жинау лимитін бекітті

Орталық Азия елдері су жинау лимитін бекітті
ашық дереккөзі
Орталық Азия елдері су жинау лимиттерін және Нарын-Сырдария су қоймаларының вегетациялық кезеңге арналған жұмыс режимін бекітті. Мемлекет аралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 80-отырысы бейнеконференция форматында өтті. Отырыс Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Джамшед Шоимзодтың төрағалық етуімен өтті. Қазақстандық делегацияны Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов басқарды. Өзбекстан Республикасынан Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Түркіменстан Республикасынан Су ресурстары мемлекеттік комитетінің бірінші орынбасары Довлетмурад Маммедов қатысты. Кездесу барысында 2020-2021 жылдардағы вегетацияаралық кезеңнің қорытындылары қаралды, сондай-ақ елдердің су тарту лимиттері бекітілді және 2021 жылғы вегетациялық кезеңге арналған Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының жұмыс режимдері қаралды. Сонымен қатар, Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығы Түркменбашы қаласында өткен ХАҚҚ құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммитінде айтылған ұсыныстар мен бастамаларды орындау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндады. Тараптар ХҚКК жұмысы шеңберінде өзара құрмет және тату көршілік қағидаттары негізінде жан-жақты ынтымақтастықты нығайта түседі.