Фракция – партияның сенімді тірегі

Фракция – партияның сенімді тірегі

Фракция – партияның сенімді тірегі
ашық дереккөзі
Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы­нан соң жоғары заң шығарушы және жергілікті уәкілетті органдарда «Nur Otan» партиясының жаңа депутаттық фрак­циясы қалыптасты. Бас партияның Мәжілістегі депутаттық фракциясы 70 пайызға, ал барлық деңгейдегі мәсли­хат­тардағы депутаттық фракциясы 65 пайыз­ға жаңарды.

Өз кезегінде «Nur Otan» партиясының Жам­был облыстық мәслихатындағы депу­таттық фракциясы да жаңа құраммен жауап­кершілігі мол міндетіне кірісті. Партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарлама­сын іске асыруды басты бағдар етіп, сайлау­шы­ларға берген уәденің үдесінен шығуда де­путаттық қызметін абыроймен атқаруға ден қойған фракция мүшелерінің жұмысы жүйе­лі. «Nur Otan» партиясының облыстық мәс­лихаттағы депутаттық фракциясының же­текшісі, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіровпен болған сұхбатымыз дәл осы тақырып төңірегінде өрбіді. – Мұқаш Зұлқарнайұлы, әңгімемізді об­лыс­тық мәслихаттағы «Nur Otan» пар­тия­сы­ның депутаттық фракция­сы­ның сандық-са­па­лық құрамының жасақ­талуы­нан бастасақ. Фрак­ция құрамында, жал­пы депутаттық кор­­пуста қандай өз­герістер бар? – Жамбыл облыстық мәслихатындағы 36 депутаттық мандаттың 30-ына «Nur Otan» пар­тиясынан ұсынылған кандидаттар пар­тиялық тізім арқылы иелік етті. Сайлау қоры­тын­дысымен облыстық мәслихаттағы депу­таттық корпус 76,7 пайызға жаңарды. Бұған дейін­гі шақырылымдағы депутаттардың орта жасы 60 жас болса, қазір бұл көрсеткіш 48 жас­қа дейін жасарды. Қазіргі таңда «Nur Otan» пар­тиясынан партиялық тізіммен депутаттық ман­датқа ие болғандардың бесеуі – 35 жасқа дейінгі жастар. Сондай-ақ фракция мүшелері­нің арасында әйелдердің үлесі 23,3 пайызға жетті. Мұнда Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық деңгейдегі мәс­лихаттарда әйелдер мен жастардың үле­сін арттыру жөніндегі тапсырмасының бас­шы­лыққа алынғанын айта кету керек. Қызмет саласына қарай жіктейтін болсақ, «Nur Otan» партиясының облыстық мәсли­хат­тағы депутаттық фракциясының мүшеле­рі­нің дені кәсіпкерлік, білім беру салаларында еңбек етеді. – Жаңа құраммен жасақталған фрак­ция мүшелерінің алдында тұрған маңы­зы зор міндеттің бірі – партияның сай­лауал­ды бағ­дарламасын іске асыруға ат­­­са­лысу. Фракция мү­шелерімен осы ба­ғытта қолға алынған жұ­мыстың қа­зір­гі беталысы қалай? – Фракция құрамы жасақталған алғашқы күннен біз сайлаушыларға берген уәделері­міздің орындалу тетігі қарастырылған сай­лауал­­ды бағдарламаны іске асыру мәселесіне баса назар аудардық. Осылайша облыстық, Тараз қалалық және аудан­дық сайлауалды бағдарламаларын іске асыру бойынша Жол карталары түзілді. Атал­ған Жол карталарында 102 іс-шара мен 986 ин­дикаторлық көрсеткіш қамтылған. Бұл көр­сеткіштерге 2025 жылға дейін кезең-ке­зеңімен қол жеткізу жоспарланып отыр. Партия облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуы­мен өткен фракцияның алғашқы отырысын­да біз аталған Жол картасын егжей-тегжейлі талқыладық. Кейіннен Жол картасын бекіту мәселесі партия облыстық филиалы жанын­дағы Саяси кеңесі бюросы отырысының күн­тәртібіне қойылды. Бюро мүшелерінің келі­сімімен облыс бойынша «Nur Otan» пар­тия­сының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасы бекітілді. Жол картасындағы әрбір индикаторлық көрсеткіш пен іс-шараның өз деңгейінде жү­зе­ге асырылуы бойынша фракцияның әрбір мүшесі мен жауапты мемлекеттік органның, облыс әкімдігінің салалық басқармалары басшыларының жауапкершілігі қарастырыл­ған. Биыл осындағы 210 индикаторлық көр­сеткішті орындау жоспарда бар. Жақында ғана өткен фракцияның кезекті отырысында білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жастар саясаты салаларын­дағы партияның сайлауалды бағдарламасын­дағы индикаторлық көрсеткіштердің орын­далу барысы қаралды. Бұл мәселе бойынша са­ла­лық басқарма басшыларының орынба­сар­лары және облыстық жастар орталығы директорының баяндамасын тыңдадық. Фракция мүшелері тарапынан мектепке дейінгі білім беру, мектептерді күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, мектеп медицинасын жоғары деңгейде ұйымдастыру, спорт, мәдениет нысандарының қолжетім­ділігі сынды мәселелер көтерілді. Жауапты мекемелер бұл мәселелерді назарға алып, ол бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуге уәде берді. Сондай-ақ фракция отырысында әлеу­меттік салаға жауапты бірқатар фракция м­ү­шелерінің де тоқсан ішінде атқарған жұ­мысының есебі тыңдалды. Фракцияның жұмыс жоспарына сай сай­лауалды бағдарламаның іске асырылу барысы бойынша облыс әкімдігінің салалық басқар­малары басшыларының және фракция мүше­лерінің есебін тыңдау бойынша отырыс­тар тұрақты ұйымдастырылып тұрады. – Жақында партия жанынан сай­лауал­ды бағдарламаның орындалуына қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында бірнеше қоғам­дық кеңес құрылды. Бұл кеңестердің жұмы­сын­дағы фракция мүшелерінің рөлі қандай? – Партия облыстық филиалы жанынан құрылған 10 қоғамдық кеңестің негізгі мақ­саты – сайлауалды бағдарламаның орын­далуына қоғамдық бақылау жүргізу. Мұндағы 6 қоғамдық кеңеске біздің фракция мүшелері жетекшілік етеді. Сонымен қатар 2 қоғамдық кеңес төрағасына орынбасарлық жасау мін­деті де облыстық мәслихаттағы нұротан­дық депутаттарға жүктелді. Жалпы қоғамдық кеңестердің жұмысына «Nur Otan» партиясынан партиялық тізіммен сайланған облыстық мәслихаттың барлық депутатты толықтай тартылды. Маған да өңірлік дамыту жөніндегі қо­ғам­дық кеңесіне төрағалық ету міндеті жүк­телді. Бұл кеңес партияның сайлауалды бағ­дар­ламасындағы өңірлерді дамыту бойынша іс-шаралардың орындалуына қоғамдық ба­қылау жүргізеді. Сондай-ақ дәл осы мәселе­ге жауапты жергілікті атқарушы және өкілді органдар қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлейді. Өңірлерді дамыту саясатын жүйелі ұйымдастыруда Қазақстан Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясының депутаттық фракция­сына ұсыныстар беріп отыратын боламыз.

Сұхбаттасқан Тұрсынбек Темірланұлы Жамбыл облысы