Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі
ашық дереккөзі
1992 жылғы 13 мамырда Қазақстан мен Финлян­дия Республикасы арасын­дағы дип­ло­матиялық қарым-қаты­настарды бекіту туралы келісім жасалды. 1992 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық яд­ролық орталығы мен Атом қуаты жөніндегі агенттігі құрыл­ды. 1992 жылғы 14 мамырда Қазақстан, Армения, Қыр­ғызстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттері арасында ұжым­дық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. 1992 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің Түрік Республикасында Қазақстанның ел­шілігін ашу туралы Жарлығы жарық көрді. 1992 жылғы 17 мамырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америкаға алғаш рет ресми сапармен барып, нәтижесінде Қазақстанның Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылу міндеттемелеріне қол қойды. 1995 жылғы 19 мамырда Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен банкнот фабрикасы ашылды. Банкноттық фабрика жалған ақша белгілерінен қорғайтын, көркем және полиграфиялық өнімді жоғары деңгейде орындайтын бірегей жабдықтардан құрылған. Оның меншiктi базасынан номиналы 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттар шығарылған. 1996 жылғы 18 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақын Олжас Сүлейменовке «Қазақстан­ның Халық жазушысы» куәлігін және төсбелгісін табыс етті. 2005 жылғы 19 мамырда Астанада Беларусь Рес­публикасының Қазақстандағы елшілігі ашылды. Елші­ліктің ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко қатысты. 2007 жылғы 16 мамырда Алматыдағы Көктөбеде атақты британдық «Битлз» тобына ескерткіш орнатылды. 2012 жылғы 14 мамырда Германияның Шверин және Висмар қалаларында Қазақстан экономикасының күні өтті. 2013 жылғы 17 мамырда Парижде Еуропа қазақ­тарының Кіші құрылтайы болып өтті. 2014 жылғы 19 мамырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Бейбітшілік ісін қамтамасыз етуге және оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін «Жібек жо­лы әлемі» сыйлығы берілді. 2014 жылғы 19 мамырда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Қытай Халық Республика­сының төра­ғасы Си Цзиньпин екі ел арасындағы стратегиялық әріп­тестіктің барлық салаларын қамтитын және тарап­тардың келешектегі перс­пективалық бағыттарын ай­қын­дайтын бірлескен декларацияға қол қойды. Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ