Бүгін Түркіменстаннан қандастардың екінші керуені көшіп келеді

2021 жылғы 13 мамырда Түркіменстан Республикасынан 256 қандасымыз «Түрікмендемиреллары» мемлекеттік агенттігі арқылы «ТүрікменбашыБолашақЖаңаөзен» бағыты бойынша Қазақстанға көшіп келеді.

Бұл Түркіменстан жерінен атажұртқа ат басын бұрған көштің екінші керуені.

Арнайы пойыз 12 мамыр сағат 17:20-да «Түрікменбашы» станциясынан шығып 13 мамыр сағат 12:00-де «Болашақ» станциясына, одан әрі «Жаңаөзен» станциясына 15:0016:00 келуі жоспарланып отыр (анықтама: 8 жолаушылар, 2 жүк вагоны және 1 локомотиві).

Қандастырымызды қарсы алу жұмысын ұйымдастыруға ҚР Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Денсаулық сақтау министрліктеріҰҚК Шекара қызметі, Маңғыстау облысы әкімдігі, «Қазақстан темір жолы» АҚ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен «Отандастар қоры» КЕАҚ атсалысты.

Тарихи Отанына көшуге ниет білдірген қандастардың визалық құжаттары толық дайын және олардың COVID-19 індетіне қатысты тиісті ПТР тестілеудің анықтамалары бар.

Алдағы уақытта қандастар өзінің қалауы бойынша еліміздің кез келген өңіріне қоныстана алады.

Елге келген қандастар солтүстік өңірлерге қоныс аударған жағдайда олар арнайы өңірлік квоталармен қамтылатын болады.

Back to top button