Ата-анасы қасында болмаған: Ақтөбеде 5-6 жасар екі бала суға батып кетті

Ата-анасы қасында болмаған: Ақтөбеде 5-6 жасар екі бала суға батып кетті

Ата-анасы қасында болмаған: Ақтөбеде 5-6 жасар екі бала суға батып кетті
ашық дереккөзі
Ақтөбе облыстық төтенше жағдайдар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама 12 мамыр күні сағат 22:29-да түсті. Хабар берген адам 5 және 6 жасар екі баланың Ақтөбе қаласы, Бекқұл баба ауылындағы Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткенін айтты. Оқиға орнына сүңгуірлер мен және психологтар жіберілді. Құтқарушылар жеткенше сол жердегі адамдар 2015 жылы туған баланың денесін жағаға алып шыққан. «Оқиға орнына жеткен сүңгуірлер 2014 жылы туған баланың денесін іздеуге кірісті. Сағат 00:09-да жағадан 3 метр қашықтықтан, 7 метр тереңдіктен 6 жастағы баланың денесі табылды. Екі бала да бақылаусыз қалған. Суға шешініп түскен. Жанында ата-анасы болса, мұндай қайғылы жағдай тіркелмес еді», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Суға батып кеткендер бір отбасының балалары емес. Қазіргі кезде балалардың ата-анасыз қалай суға барғаны анықталып жатыр. Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 5 адам суға батып кетті.